2026 жылдың 4 наурызы күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Қазақ әйелінің бейнесі - еркін мәдени субъект» тақырыбы бойынша жас қыз балаларға кеңес беру сағаты өткізілді.
Шара барысында «Jan Ahual» психологиялық қолдау орталығының әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі, «Шапағат» медалінің иегері Лаура Бердібекова, психология мамандығының 1 курс студенттері, музей мамандары қатысып, сталкингке қарсы қоғам, жауапкершілік және өзара құрмет қағидаттары, психологиялық қауіпсіз орта құру мәселелері көтерілді.