Ұлттық киім күні қарсаңында музей қызметкерлері халқымыздың бай мұрасын дәріптеп, қазақтың ұлттық киімдерін кеңінен насихаттау ісін ұйымдастырды

Ұлттық киім күні қарсаңында музей қызметкерлері халқымыздың бай мұрасын дәріптеп, қазақтың ұлттық киімдерін кеңінен насихаттау ісін ұйымдастырды. Бұл шара – тек мәдени көрініс қана емес, ұлттың тарихи жадын жаңғыртып, рухани құндылықтарын ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған маңызды қадам.

Қазақтың ұлттық киімі – халықтың тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын, эстетикалық талғамын айқын көрсететін ерекше мұра. Әрбір киім үлгісінде ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, ұлттық болмыс пен терең мағына жатыр. Соның ішінде ою-өрнектің орны бөлек. Ою-өрнек – бұл тек сәндік элемент емес, ол халқымыздың жаны, қанымен біткен қасиеті, нәзік те назды үні іспетті. Оның әрбір сызығы мен бедерінде ата-бабаларымыздың табиғатпен үндестігі, өмірге деген көзқарасы мен философиясы бейнеленген.

Шаңырақ күні

Наурызнама аясында Шаңырақ күніне орай отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Алтын шаңырақ» атты тағылымды шарасына 50 жыл отасқан Түгелғали ағай мен Бақытжамал Куписовтар отбасы құрметті қонақ ретінде қатысты.

 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлия есімімен мақтанамын» атты кездесу шарасы өтті

5 наурыз күні Әлия музейі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлия есімімен мақтанамын» атты кездесу шарасын өткізді.

Шараның атауы ең алдымен Әлия Молдағұлова есімімен тығыз байланысты. Бүгінгі Әлиялар – заманауи қоғамның әр саласында абыройлы еңбек етіп, білім мен біліктіліктің, табандылық пен талпыныстың үлгісін көрсетіп жүрген жандар.

«Қазақ әйелінің бейнесі - еркін мәдени субъект» тақырыбы бойынша жас қыз балаларға кеңес беру сағаты өткізілді

2026 жылдың 4 наурызы күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Қазақ әйелінің бейнесі - еркін мәдени субъект» тақырыбы бойынша жас қыз балаларға кеңес беру сағаты өткізілді.

Шара барысында «Jan Ahual» психологиялық қолдау орталығының әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі, «Шапағат» медалінің иегері Лаура Бердібекова, психология мамандығының 1 курс студенттері, музей мамандары қатысып, сталкингке қарсы қоғам, жауапкершілік және өзара құрмет қағидаттары, психологиялық қауіпсіз орта құру мәселелері көтерілді.

Музейде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Алғысым шексіз…» мәдени шарасы өтті

Көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күні бірлік пен мейірімге, сыйластық пен шынайы алғысқа толы болды. Шара барысында оқушылар өзара жылы лебіздерін білдіріп, әсем ән шырқалып, «Алғысым шексіз…» викторинасына белсена қатысып, қызықты ойын өрнегін көрсетті.

Бұл мереке – 2016 жылдан бері елімізде аталып өтіп келе жатқан, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуымен сабақтас тағылымы терең күн. Ол – түрлі этнос өкілдерінің татулығы мен достығын дәріптейтін, жүректерді жақындастыратын ерекше мереке.

Жыр алыбы-Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Ленинградтық өренім» атты рухани-танымдық шара өтті

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған рухани-танымдық шарада ғасыр жасаған жыр алыбының өр тұлғасы, отты жырлары мен елдік мұраты кеңінен насихатталып, бейне сюжет көрсетілді.

Домбыраның күмбірі мен жүректен төгілген жырлар шараның шырайын келтірді. 1941 жылғы зұлмат жылдардағы ақын үні «Ленинградтық өренім» арқылы қоршауда қалған халыққа дем берген рухы сахнада қайта жаңғырды. Жыр – қару, сөз – рух болған тарихи сәт көрермен жүрегіне терең әсер қалдырды.

«Ауғанстан: тарихтан тағылым алатын сабақ» атты ауған жауынгерлерімен тақырыптық кездесу-кеші өтті

Бүгін Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің ұйымдастыруымен 15 ақпан Ауған соғысының аяқталған күніне орай «Ауғанстан: тарихтан тағылым алатын сабақ» атты ауған жауынгерлерімен тақырыптық кездесу-кеші өтті.

Іс-шараға ҚР ҚМ «Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Ақтөбе филиалы; Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өнірлік Университетінің студенттері қатысты.

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 ГУ "Актюбинский мемориальный музей Героя Советского Союза Алии Молдагуловой". Все права защищены.