Алия Молдағұлова музейінің ресми сайты
1916 жылғыұлт-азаттықкөтерілістің 100 жылдығынаорай «Ел үмітін ер сақтар» аттытарихи-танымдық шара
Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейінде 30 қараша күні сағ. 15-00 де 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай «Ел үмітін ер сақтар» атты тарихи-танымдық шара ұйымдастырылып өткізілді.
Шараның мақсаты: 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс кезіндегі батырлар туралы түсінік беру. Жастардың патриоттық сезімдерін ояту, ерлікке, елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу. Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға баулу. Тәуелсіздігімізді нығаюына үлес қостыру.
ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі ошақтары Торғай-Жетісу болды. Сонымен қатар өзгеде өңірлерде «25 маусым» жарлығына қарсы наразылықтар белең алды. Торғайда тұтанған көтеріліс Ақтөбе аумағын шарпып, Ырғыз, Шалқар, Темір, Ойыл, т.б. өңірлерде толқуларға ұласты.
Шараға қатысқан өлкетанушы Бекарыстан Мырзабаев 1916жылғы көтерілістің салдарлары мен майдан даласына аттанған жігіттердің тағдыры туралы айтса, Марат Ысқақов көтерілістің өлкемізге қатысты тұстарын баяндады.
Ақтөбе мемлекеттік мұрағатының құжаттарды жариялау және пайдалану тобының жетекшісі Бақытгүл Ешмұратова 1916жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты деректі құжаттармен таныстырды.
Ырғыздағы көтерілістің ең бір күшті Орталығы Қызылжар болысы болды. Патша жарлығының хабары жеткенде Қызылжар тұрғындары бірден соғысқа бармаймыз, майданға адам бермейміз деген шешімге келеді. Ер азаматтар ұйымдасып көтерліске дайындалады. Патша жарлығына қарсы болады. Қызылжар болысының азаматтары қыркүйек айында бас қосып, Тайшым Орыс ұлын көтеріліс басшысы етіп, хан сайлайды.
Тайшым Орысұлының шөбере келіні Елтезерова Гаухар сол көтеріліс Тәуелсіздіктің бастауы екенін, елі мен жерін қорғаған батырларымыздың ерліктері мәңгілік есте қалуға тиіс деп сөзін ақтады.
Сонымен қатар С.Байішев атындағы облыстық кітапхана қызметкері Гүлзада Бейісова 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске шыққан тарихи кітап көрмесімен библиографиялық шолу жасады.
Халық шығармашылық үйінің термешісі Қуанышгүл Серікбаев ақын Мәди Бәпиұлының 1916ж ұлт- азаттық көтеріліске қатысты түрмеде жатып жазған «Үш қара» әнін орындап берді.
Тарихи - танымдық шараға М.Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университетінің әскери кафедра студенттері, қала мектептерінің ұстаздары қатысты.
Шара соңында музей директоры Е.Қалтаева қонақтарға Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына шығарылған «Естелік кітап» электронды нұсқасын сыйлады.