Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мәдени іс-шараларды уақытша тоқтата тұруға тапсырма берген болатын.
Осы орайда Әлия музейі «aqtobe_madeniet» және «aliya.muzei» инстаграм парақшалары арқылы жаңа форматта «#бізбіргеміз» акциясыаясында тікелей онлайн режимде іс-шараларды өткізе бастады.
Онлайн іс-шаралар Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың туғанына 95 жыл және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналды.
Атап айтсақ:
- «Ер елінің қорғаны» Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттерімен бірлесе патриоттық бейне тарихи - танымдық сағат
- Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр» Орал қаласы М.Мәметова атындағы мемориалды музейімен бірлескен онлайн-сұхбат т.б онлаин шаралар ұйымдастырылды.