Slider

Жыр алыбы-Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Ленинградтық өренім» атты рухани-танымдық шара өтті

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған рухани-танымдық шарада ғасыр жасаған жыр алыбының өр тұлғасы, отты жырлары мен елдік мұраты кеңінен насихатталып, бейне сюжет көрсетілді.

Домбыраның күмбірі мен жүректен төгілген жырлар шараның шырайын келтірді. 1941 жылғы зұлмат жылдардағы ақын үні «Ленинградтық өренім» арқылы қоршауда қалған халыққа дем берген рухы сахнада қайта жаңғырды. Жыр – қару, сөз – рух болған тарихи сәт көрермен жүрегіне терең әсер қалдырды.

Ерлік пен елдікті тоғыстырған бейнелер, батыр қыз Әлия Молдағұлованың өр рухы, әке жүрегін жаралаған Алғадай тағдыры – тағзым мен тағылымға толы көріністер арқылы көркем өрілді.
 Аталмыш шарада күмбірлеген күйлер мен жалынды өлеңдер ұлт жадын жаңғыртып, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезім ұялатты.

Батыр қыздың музейі мен Ж.Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің ынтымақтастық аясында бірлесіп, ұлы тұлғаларымыздың мол мұрасын кеңінен насихаттап келеді. Бұл – кейінгі ұрпаққа өнеге, тарихқа тағзым.

Музейдің қорынан жылжымалы көрме ұйымдастырылып, таныстырылды.

Бұл - тарихқа тағзым, тұлғаға құрмет, рухқа бас ию болған мазмұндыбасқосу.

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 ГУ "Актюбинский мемориальный музей Героя Советского Союза Алии Молдагуловой". Все права защищены.