2026 жылдың 11 ақпан күні мемориалды музей Некеге мәжбірлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділікті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық науқан аясында «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» акционерлік қоғамы кәсіпорнының ұжымында «Шекаралар туралы диалог: қауіпсіздік, келісім, заң» тақырыбы аясында елімізде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық алдын алу мақсатында кездесу өткізілді.
Шара барысында «Ақтөбе қаласының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталығы» КММ-нің әлеуметтік мәдени ұйымдастырушысы Даража Жумагалиева, мемориалды музейінің ғылыми қызметкері Саулеш Тажбенова және «Ақтөбе қаласының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталығы» КММ-нің ересек психологы және «Жастар» денсаулық орталығының психологы Серік Акимбаев сөз сөйледі.
Мамандар қатысушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның құқықтық жауапкершілігі мен алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әйелдер мен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында нақты ұсыныстар берді.
Сонымен қатар, қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау үшін ер азаматтарға үндеулерді тастады.
