Slider

«Елім деп соққан жүрегі» атты еске алу шарасы

Бүгін, аты аңызға айналған қаһарман жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күніне орай «Елім деп соққан жүрегі» атты еске алу шарасы өтті.

Әлия Молдағұлова – қазақ халқының қайсар рухының символы. Оның өмірі мен майдандағы ерлігі – бүгінгі ұрпаққа патриотизм мен отансүйгіштіктің айқын үлгісі.

Шара барысында батыр рухына гүл шоқтары қойылып, бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Аталған жиынға – Ақтөбе облысының әкімдігі, Әлия Молдағұлованың туыстары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер кеңесі, ҚР Қорғаныс министрлігінің , Ұлттық ұлан мен әуе қорғаныс күштерінің әскери бөлімдері, «Халықтық ұжым» «Әлия гүлі» қазақ би-ансамблінің «Әлия. Мәншүк. Хиуаз» әскери патриоттық қыздар клубы мен қала тұрғындары қатысты.

Мемориалды кешендегі еске алу жиынынан кейін тағзым ету шаралары Қобда ауданы орталығында, Әлия ауылы мен Бұлақ ауылындағы ескерткіштер алаңында жалғасты.

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 ГУ "Актюбинский мемориальный музей Героя Советского Союза Алии Молдагуловой". Все права защищены.