14 қыркүйекте Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде жұмыс жоспарына сәйкес «Әлия» патриоттық клубы мүшелерінің қатысуымен «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында іс-шара өтті.
Шараның мақсаты: жас ұрпаққа өрт сөндіру қызметінің өзектілігін түсіндіріп, қиын да жоғары біліктілікті талап ететін мамандықтың қыр-сырын дәріптеп, Отанын құрметтеуге, патриоттық сезімін оятуға, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Шарада бейбіт күннің батыры, ел үшін тілсіз жаумен күресіп ерліктің үлгісіне айналған №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіршісі Иманбай Нұртас Бауыржанұлымен сұхбат жүргізілді.
Сұхбат барысында оқушыларға қоршаған оада кездесетін төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздікті сақтау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ситуациялық сұрақ-тапсырмалар беріліп, брошюралар таратылды.
Аталмыш шараға №27 орта мектеп-лицейртінің ұстаздары мен оқушылары және «Әлия» патриоттық клубының мүшелері қатысты.