12 ақпанда Ақтөбе облысының 90 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің ұйымдастыруымен «Қалалық жас туристер стансасының» "Әдеби өлкетану", Жас эколог", " Жас геолог өлкетанушы", "Атамекен" және "Жас экскурсовод" үйірме білім алушылары арасында "Не? Қайда? Қашан?" зияткерлік сайысы өткізілді.
Жалпы сайыс 4 кезеңнен тұрды. 1-кезең: «Бәйге» (жылдамдыққа жауап беру);
2-кезең: «Қашан, қандай тарихи күндер болды?» (Берілген суреттер мен атаулы жылдарды сәйкестендіру және қай жерде орналасқанын табу);
3-кезең: «Ғажайып он екі» (Ұяшықтарды таңдай отырып, облыс көлеміндегі аудандарға байланысты сұрақтарға жауап беру);
4-кезең: «Тарихқа шолу. Бұрын және бүгін» (берілген суреттер арқылы тапсырманы орындау).
Сайыста үйірме білім алушылары өздерінің білімдерін көрсетіп, керемет тапқырлық танытты.
Аталмыш сайыс соңында ең үздік топтар анықталып, жеңімпаздарды Әлия музейінің атынан дипломдармен марапаттады.